Бұл алдын ала мәліметтер және Бразилияның қауіпсіздік қызметі өкілдерінің сөздерінше, құрбан болғандар саны әлі артуы мүмкін.
Түрмедегі бүлік жексенбі, 1 қаңтар күні басталды. Күш-қуат құрылымы өкілдерінің хабарлауынша, жағдайдың бұлайша сипат алуына есірткі саудасын «қадағалайтын» екі банда өкілдерінің арасындағы қарсылық әрекеттері себеп болған.
Агенттік өкілдерінің мәліметтерінше, халықаралық құқық қорғау ұйымдары Бразилияны түрмелеріндегі жағдай үшін қатты сынайды. Түрмеде адамдардың шектен тыс көп отыруы мұнда әдеттегі жағдай. Ал тәртіпбұзушылық әрекеттері жиі орын алады.
Қазан айында елдің солтүстігіндегі Боа-Виста қаласындағы түрмедегі екі топтың бір-біріне қарсылықтарының салдарынан 25 адам мерт болды. Олардың 7-нің басын кесіп тастаған, тағы 6 адамды тірідей жағып жіберген, деп жазады lenta.ru.