Бразилиялық адам өзінің жаназасына келді

АСТАНА. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат - Бразилиялық Адемир Жоржи Гонсальвес (Ademir Jorge Goncalves) өзінің жерлену ресіміне келді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

  Жексенбі күні, қарашаның 1-інде Бразилияның оңтүстігінде автомобиль апаты болып, онда бразилиялық адамның туыстары Гонсальвесті таныған. Опат болған ер адамның бет-әлпеті адам танымастай мылжа-мылжасы шыққан, ал киімі 59 жастағы - «Тайфун» деген лақап атпен танылған Гонсальвестің үстіне кигенімен бірдей болып шыққан. Бейғам еркек жергілікті барда бүкіл кеш бойы және жексенбі күні түні бойы сілейте арақ ішеді, ал оны туыстары дүйсенбіде таңертең жерлейтінінен бейхабар болады.

 Гонсальвес өзінің «өлгені» туралы құлағдар болғаннан кейін жерлеуге жетіп келген. Мына бір мәселені - мәйітті тану кезінде «Тайфунның» көптеген туыстары оның бақилық болғанына күмән келтіргенін айта кеткен орынды.

Өз жерлеуінде болғаннан кейін «Тайфун» өзінің жарық дүниеде бар екенін достарымен тойлауға аттанады.