Бұл туралы Esporte жазды. Оқиға Рио-де-Жанейро таулы аудандарының бірінде орын алды. 17 жасқа дейінгі жас футболшылар «Фрибургенсе» командасымен болған матчтан келе жатқан. Басылымның ақпаратына қарағанда, автобусқа 30-ға жуық адам мінген. Зардап шеккен 22 спортшының 3-еуінің жағдайы ауыр. Апаттың егжей-тегжейі әзірге белгісіз.
15:37, 14 Мамыр 2017
Бразилиялық футболшылар мінген автобус апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық «Васко да Гама» жасөспірімдер футбол клубының ойыншыларын таситын автобус апатқа ұшырап, салдарынан кем дегенде 22 адам зардап шекті.