Бразилиялық Сара Менезеш дзюдодан Олимпиада алтынын қанжығасына байлады

None
АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасының бағдарламасына енген дзюдо белдесулерінде 48 келіге дейінгі салмақ санатында бразиялық Сара Менезеш қарсыластарының барлығын да қапы қалдырды.

Ал күміс медаль румынялық Алина Думитруге,үшінші орындар бельгиялық Шарлин Ван Сник пен венгерлік Ева Черновицкиге бұйырды.