Бұл статистика Бразилия тарихында ең ірі вирус індеті туралы айтуға себеп болып отыр. Зика вирусына қарсы дәрі табылмаған. Бүгінде онымен күресудің жалғыз жолы - вирусты тасымалдаушы масалармен күрес жүргізу.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінен хабарланып отырғандай, Бразилияда вирустан 5 жаңа туылған бала шетінеп кеткен. Мамандар 44 бала өліміне қауіпті індет себепші болуы мүмкін екендігін айтып отыр.
Көршілес Колумбияның дәрігерлері де дабыл қағып отыр - мұнда вирусқа шалдыққандардың саны 13 мыңнан асқан. Ал, Боливияда таяуда вирус алғаш рет жүкті әйелден анықталған.