Русефтің қорғаушысы өз қамқорлығындағы айыпталушының ісін қайтадан қарауды сұрады. Оған ел бюджетіне қатысты құйтырқылық жасады деген айып тағылған болатын. Қорғаушы істі қайта қарау кезінде бір күн бұрын ресми түрде мемлекет басшысы қызметіне кіріскен Мишел Темерді президенттің міндетін атқарушы етіп тағайындауды сұрады.
Еске сала кетейік, сәрсенбі күні кешке сенат Дилма Русефті бюджет заңнамасын бұзды, соның ішінде 2014 жылы сайлау науқаны кезінде бюджет тапшылығының нақты сомасын жасырды деп танып, оны тақтан тайдырды.
Русеф оған тағылған бар айыпты жоққа шығарып отыр. Керісінше, ол оның қарсыластары саяси алаяқтық жасап отыр деп санайды.