Бұған бразилия реалының АҚШ доллары бағамына қатынасы 12 жылдағы ең төмен деңгейге құлдырауы себеп болуы мүмкін, бұл осы елдегі қант және басқа да шикізат экспортының арта түсуіне әкеледі. Бұл ел әлемдегі ірі қант өндіруші болып табылады.
Сейсенб күні күндіз қант шикізатының мамыр айындағы фьючерстері белгіленімі бір фунтқа 11.98 цент деңгейінде болды, мұның алдында сауда барысында 2009 жылдан бері ең төменгі межеге - бір фунтқа 11.91 центке дейін төмендеп кеткен болатын, деп жазады Росбалт.