Бұл туралы бейсенбі жергілікті БАҚ әскери полицияға сілтеме жасап хабарлаған.
Қытайлық Синьхуа агенттігінің мәліметінше, апат сәрсенбіге қараған түні Нативидади муниципалитетінің жанында болған. Екі көлік бетпе-бет соқтығысқан.
Құрбан болғандардың арасында фургонда болған жеті әйел, төрт ер адам және бала бар. Тағы екі жолаушының бірнеше жері сынған. Алмас қаласының денсаулық сақтау хатшылығына тиесілі фургон Пальмастан - Токантинс штатының әкімшілік орталығынан қайтып келе жатқан.
Жүк көлігіндегі ер адам мен әйел жеңіл жарақат алып, көп ұзамай ауруханадан шығарылды, делінген хабарламада.
Фото: © Luiz Souza/Global Look Press