Калероның айтуынша, одан президент кеңсесінің үкімет істері хатшысы Жеддел Виейрге тиесілі Сальвадор ауданындағы учаскеде элиталық тұрғын үй құрылысын салуға рұқсат беруін талап еткен. Өткен аптада отставкаға кеткен бұрынғы министр бұдан бұрын құрылыс жобасын бұғаттаған. Калеро полицияға президент пен министр шешімді өзгертуін талап етіп, қысым көрсеткенін айтқан. Президент Темер Калеромен құрылыс жайлы сөйлескенін мойындаса да, айыптарды теріске шығарылуда.
Бұдан бұрын осы аптада этика панелі осы айыптауларға байланысты Лимаға қатысты тергеу шараларын бастау қажет деп шешкен. Ол кезде іске президенттің қатыстылығы белгісіз еді. Темер президент Дильма Русефке созылып кеткен саяси дағдарысқа қатысты импичмент жариялағаннан кейін билікке осы жылы келген. Ол елдегі сыбайлас жемқорлықпен күресуге уәде берген.
14:13, 25 Қараша 2016
Бразилияның жаңа президенті сыбайлас жемқорлыққа жол берді деп айыпталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия президенті Мишель Темерді министрлер кабинетіне қысым жасағаны және сыбайлас жемқорлыққа қатыстылығы үшін айыптады. Бұрынғы мәдениет министрі Марсело Калеро Темер одан басқа министрге бизнес-мәмілеге көмектесуін өтінгенін нақтылады, деп хабарлады Би-Би-Си.