Брэд Питт Болливудта киноға түскісі келеді

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Брэд Питт болливудтық киностудиялармен әріптестік қарым-қатынас жасауға қызығушылық танытты, дейді The Hollywood Reporter.

Актер бір сұхбатында үнді кинематографиясының қанқынды дамып келе жатқандығы туралы көп естігенін айтқан. Сонымен қатар, ол өзіне Болливуд фильмдеріндегі «драматизм мен колорит» ұнайтынын жасырмаған. Ол үнді фильміне түсіп, тіпті билеуге де кетәрі емес көрінеді. Дегенмен, ол дәл қандай жобаларға қатысқысы келетіні туралы нақты ақпарат бермеген.

Брэд Питт бұрын Үндістанда болған. 2007 жылы ол басты рөлде Анджелина Джоли ойнаған Майкл Уинтерботтомның «Оның жүрегі» (A Mighty Heart) атты фильміне продюссерлік жасаған. Сол фильмнің кейбір эпизодтары Үндістанда түсірілген болатын.

Болливудта жұмыс істеуге қызығып жүргенін бұдан бұрын Хью Джекман да айтқан болатын.