«Анар, өрік және таңқурай дәмдері бар бай гамма балғындық сезімін қалдырады», - деп атап өтеді шарап бойынша танымал маман Марк Перрен. Оны Питт пен Джоли өздерінің жүзімдіктерін күту үшін жалдады.
«Мираваль» шарабының бастапқы бағасы онша жоғары болмады: бір жәшігі (алты бөтелке) 105 еуро тұрады. Әзірше жұлдыздардың есімдері шараптың атауында жоқ, бірақ артқы этикеткасында оны құрушылардың есімдері жазылды - Jolie-Pitt & Perrin. Бірақ, қайта сату кезінде шараптың бағасы көтерілетін секілді. Бірнеше мың бөтелкеден тұратын бірінші партия бейсенбі күнгі сатылымда бірнеше сағатта өтіп кетті.