Бүгін «Барыс» хоккейшілері «Қазақстан» спорт сарайында алғашқы жаттығуларын өткізді.
Команда мұзға Президент Кубогі кезінде өнер көрсететін құраммен шықты. Сонымен қатар, бас бапкер Андрей Назаров турнир барысында команда капитаны болатын хоккейшіні таңдады. Оның сөзіне қарағанда, бұл міндетті Брэндон Боченски атқарады. Айта кету керек, б ылтыр ол капитанның ассистенті болған еді.