Брэндон Боченски «Барыс» командасының үздік шабуылшысы болып танылды

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубының (hcbarys.kz) ресми сайтында дауыс беру барысында желтоқсанның бірінші онкүндігінде аталған команданың үздік шабуылшысы болып Брэндон Боченски танылды.

Атап айтқанда, сайтқа кіргендердің 53 пайызы оны үздік деп белгілеген, ал 23 пайызы Кевин Даллмэн, Романа Старченко мен Дастин Бойда әрқайсысы 8 пайыздан, Камил Крепс 6 пайыз, Найджел Доус 2 пайыз деңгейінде дауыс алды. Жалпы сауалнамаға 750 адам қатысты.

Айта кетейік, «Барыс» командасының үздік шабуылшысы Брэндон Боченски Құрлықтық хоккей лигасында алғашқы ондықтың қатарындағы мергендер қатарына кіріп отыр, сондай-ақ ол ҚХЛ хоккейшілері ішінде үздік мергендердің үштігінде тұр. Б. Боченски 28 ойында 15 шайба салды және 18 нәтижелі ойын көрсетіп, 33 ұпай жинады.