Брэндон Боченски «Барыстың» жүзінші шайбасының авторы атанды
19:12, 08 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасында «Барыс» жүзінші шайба межесіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Астаналық клубтың жүзінші шайбасының авторы Минскінің «Динамосымен» болған матчта екінші кезеңнің басында қонақтардың қақпасына үшінші гол соққан Брэндон Боченски болды.
Еске салайық, бұл ойында «Барыс» «Динамоны» 7:2 есебімен ойсыра ұтқан болатын.