Банк жорамалы бойынша Brent бағасын белгілеу жыл соңында барреліне - 110, WTI - 107 долларға дейін жетеді.
Brent маркалы мұнайдың фьючерсі ICE Futures Лондон биржасында кеше барреліне $78,30 шамасында сатылды. WTI мұнайының келісімшарттары барреліне шамамен $73,80 жетті.
«Мұнайға сұраныс тәулігіне 1,6 млн баррельге дейін өседі және жалпы сұраныс 2023 жылдың екінші жартысында рекордтық көрсеткіш – тәулігіне 103 млн баррельден асуы мүмкін», - делінген UBS есебінде. Өсімнің көп бөлігі Азияның дамушы экономикасына келеді.
Сонымен қатар, банк сарапшыларының пікірінше, 2023 жылы ОПЕК+ құрамына кірмейтін елдердегі мұнай ұсынысы тәулігіне 1,3 млн баррельге көтерілуі ықтимал.
Қара алтын бағасының өсуіне инфляция, АҚШ-тағы қатаң еңбек нарығы мен жеткізу тізбегіндегі басқа шектеулер салдарынан шығындардың көбеюі себеп.
Әзербайжанға келер болсақ, АР үкіметінің болжамынша, елде газконденсатпен мұнай өндіру 2023 жылы 31,2 млн тонна шамасында болады. 2022 жылы 32,7 млн тонна болжанған, яғни биыл мұнай өндіру 4,6%-ға төмендейді.
Қытайда сұраныс артады деген үмітпен мұнай бағасы жұма күні көтерілді, бірақ әлемдік экономика ауқымында шикі мұнай бағасы бір аптаға төмендеді.
Brent маркалы мұнай фьючерсі 56 центке немесе 0,71%-ға, яғни барреліне 79,25 долларға өсті. АҚШ-та West Texas Intermediate маркалы мұнай фьючерсі 60 центке немесе 0,81%-ға – барреліне 74,27 долларға қымбаттады.
Фото: ubs.com