Brent бағасы 2020 жылдың 7 қаңтарынан бастап алғаш рет барреліне 61 долларға жетті

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Brent мұнайының бағасы 2020 жылдың 7 қаңтарынан бастап алғаш рет ICE Лондон биржасындағы сауда-саттықта барреліне $61,02-ға жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің бағасы 0,76% - ға өсті және барреліне 61,02 долларға жетті, делінген Мәскеу уақытымен 05:14-тегі сауда алаңының мәліметтерінде.

Соңғы рет Brent бағасы 2020 жылдың 7 қаңтарында барреліне 61 доллардан асты.