Brent маркалы мұнай бағасы 24 маусымнан бері алғаш рет барреліне 76 доллардан асты

АСТАНА. KAZINFORM — Лондондағы ICE биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 24 маусымнан бері алғаш рет барреліне 76 доллардан асты, деп хабарлайды ТАСС .

Фото: ParsToday

Сауда деректеріне сәйкес, Мәскеу уақытымен сағат 22:15-тегі (Қазақстан уақытымен 8 шілде сағат 00:15) жағдай бойынша Brent мұнайының құны 5,65 пайызға өсіп, барреліне 76,06 доллар болды.

Ал төрт минуттан кейін өсім жалғасып, мұнай бағасы 76,36 долларға жетті. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 6,07 пайызға жоғары.

Сонымен қатар тамыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 5,78 пайызға өсіп, барреліне 72,51 доллар болды.

Еске салайық, бұған дейін Сауд Арабиясы Азия елдері үшін мұнай бағасын соңғы 25 жылдағы ең төмен деңгейге түсіргенін жариялаған болатын.

Айта кетелік Қазақстан ОПЕК елдерімен бірге тамызда мұнай өндіру көлемін арттырмақ.