Brent маркалы мұнай бағасы 92 доллардан асты

АСТАНА. KAZINFORM — Лондондағы ICE биржасында қыркүйек айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 11 маусымнан бері алғаш рет барреліне 92 доллардан асты, деп хабарлайды ТАСС.

Фото: Midjourney

Қазақстан уақыты бойынша таңғы сағат 6:12-дегі жағдай бойынша Brent мұнайының бағасы 1,12% өсіп, баррелі 92,03 доллар болды.

Ал 06:17-ге қарай мұнай бағасының өсімі жеделдеп, Brent маркасының бір баррелі 92,16 долларға жетті. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,26% жоғары.

Кейіннен мұнай бағасы барреліне 92 доллар шамасында тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 83 доллар деңгейінде саудаланған еді.