Brent маркалы мұнай бағасы 32 доллардан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Лондондағы «ICE» биржасында наурыз айында мұнай жеткізу туралы фьючерлік келісімшартта Brent маркалы мұнай бағасы 32 долларға ($32,02) көтерілді, деп хабарлады «ТАСС».

Бұған дейін, бейсенбі күні Brent маркалы мұнай бағасы 2016 жылдың наурыз айындағы мұнай тасымалы туралы фьючерлік келісімшарттарда 5,5 пайызға артып, 31,06 долларға жетті деп хабарланған болатын.