Brent маркалы мұнай бағасы барреліне $33 дейін өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркасының наурыз айының фьючерстері ICE Futures Лондон биржасында 1,31 (4,12%) долларға өсіп - барреліне $33,11 жетті.

Ресейлік «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX) наурыз айы бойынша саудада WTI маркасына мәмілелердің бағасы 1,04 долларға өсіп (3,31%) - барреліне $32,49 жетті.

Бұған дейін жарияланған АҚШ-тың Энергетика министрлігінің есебі, елдегі мұнайдың тауарлық резерві 85 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіште екенін атап өтті, алайда NYMEX саудалайтын Кушингтегі мұнай терминалындағы резервтің азаюы нарықтың өсуіне ықпал етті.