Тамызда жеткізілетін Brent мұнайының баррелі қазір 49,73-49,96 доллар шамасында саудалануда.
Сауда барысында 6 маусымнан бері алғаш рет Brent маркалы мұнай 50 доллардан түсіп, апталық минимумға - бір баррель үшін 49,61 долларға дейін арзандады.
Жуырда ОПЕК мұнай экспорттаушы елдер ұйымы әлемдік мұнай нарығы бойынша есебін жариялады. Онда 2016 жылғы мұнайға деген жаһандық сұраныс болжамы тәулігіне 94,18 млн баррель деңгейінде сақталған.