Brent маркалы мұнай баррелінің құны 49,30 долларға дейін арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерқұрлықтық биржадағы саудада қазан фьючерстерінің Brent маркалы мұнай баррелінің құны 1,258%-ға, яғни 49,30 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды "Коммерсантъ".

WTI маркалы мұнай баррелінің бағасы 1,168%-ға, яғни 47,09 долларға дейін төмен түсті.