Brent маркалы мұнай баррелінің құны $50,49 дейін өсті
11:13, 17 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні негізгі сауданың жабылуында мұнайдың әлемдік бағасы өсті, мұны сауда мәліметтері айғақтайды, деп хабарлады Gazeta.ru.
ICE Futures Лондон биржасында қарашада жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері баррель үшін 1,53%ға $50,49 өсті.
Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) сауданың қорытындысы бойынша WTI маркалы мұнайдың қарашаға фьючерстері баррель үшін 1,94%-ға $47,28 дейін өсті.