Brent маркалы мұнай құны барреліне $40,79 дейін төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерқұрылықтық биржада сауда-саттық барысында мәскеу уақыты бойынша сағат 7:07-дегі жағдай бойынша солтүстік теңіздік Brent мұнайы қоспасына мамырлық фьючерстер құны 0,686%-ға - барреліне $40,79 дейін төмендеді. WTI маркалы мұнайға баға 0,983%-ға - барреліне $38,67 дейін өсті, деп хабарлады "Коммерсант".

Еске салсақ, АҚШ-та бұрғылау қондырғыларының саны қысқаруына (қаңтарда олардың саны 60-қа қысқарып, 654-ті құрады) орай және Ресейде 20 наурызға белгіленген бірнеше мұнай экспорттаушы ұйым елдері (ОПЕК) мен картельге кірмейтін елдер кездесуін күту аясында соңғы аптада мұнайға баға өскен болатын.