Brent маркалы мұнай құны барреліне $55,69 дейін көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерқұрлықтық биржадағы сауда-саттық барысында Brent маркалы солтүстіктеңіздік мұнай қоспасының сәуірлік фьючерстер құны 1,024%-ға -  $55,69 дейін көтерілді, деп хабарлады "Коммерсант".

WTI маркалы мұнай бағасы   1,376%-ға - барреліне  $53,07 дейін артты.

Сәрсенбіде мұнайдың еуропалық сұрпы соңғы үш аптадағы ең аз мәнге қайта оралды, сауда-саттық барысында баға белгілеу барреліне $51,5-54,44 дейін төмендеді.