Brent маркалы мұнайдың бағасы тағы арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде мұнай бағасының төмендеуі тоқтаған жоқ, деп хабарлады Газета.ru. сауда мәліметтерінен. Жергілікті уақытпен сағат 9:59-ғы жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы 0,28 пайызға төмендеп, бір баррель үшін 64,63 долларды құрады.

Осы уақытқа қарай WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны 0,71 пайызға төмендеп, бір баррелі 60,34 долларды құраған.

Еске сала кетейік, Халықаралық энергетикалық агенттігі (ХЭА) 2015 жылы мұнай өндіру көлемі күніне 300 мың баррельге дейін жететіні туралы болжам жариялаған болатын. Мамандар осы мәлімет те мұнай бағасының негативті болуына әсер еткенін айтады.