Brent мұнайының бағасы халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) 2017 жылы мұнайға әлемдік сұраныс өсімі төмендеу болжамына қарамастан, өсті. Атап айтқанда ХЭА тамыз баяндамасын жариялады, онда 2017 жылы мұнайға әлемдік сұраныстың өсу болжамы шілдедегі болжаммен салыстырғанда тәулігіне 100 мың баррелmге дейін төмендеуі болжанған, бұл тәулігіне 1,2 млн. баррель деген сөз. Агенттіктің бағалауынша, 2017 жылы сұраныс өсімінің қарқыны 2016 жылға қарағанда тәулігіне 200 мың баррельден төмен етіп көрсетілген. 2017 жылы сұраныстың өсу қарқыны тәулігіне 97,5 млн. баррельді құрайды. Сонымен бірге ХЭА-ның атап өтуінше, 2016 жылы мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне 96,3 млн. баррельге дейін сақталмақ. Бұл 2015 жылғыдан 2016 жылы 1,4 миллион баррельге жоғары деңгейде сақталатыны болжанған.
02:17, 12 Тамыз 2016
Brent маркалы мұнайдың баррелі 46,2 доллардан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнайдың 2016 жылғы қазанға жеткізу фьючерстерінің құны Лондондағы ІСЕ биржасында 4,9 пайызға өсіп, барреліне 46,2 долларға жетті. Бұған сауда-саттық мәліметтері дәлел. Brent мұнайын бағалау 22 шілдеден бері алғаш рет барреліне 46 доллар межесінен асты, деп хабарлады ТАСС.