АСТАНА. ҚазАқпарат - WTI маркалы мұнай бағасы 43,47 долларға дейін өсіп, өсім көрсеткіші 1,058%-ға жетті.
Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 46 долларға өсіп, 1,065%-ға көтерілді. Мұны құрлықаралық сауда барысындағы мәліметтер растап отыр.
Айта кетейік, өткен сәрсенбі күні марка бағасы 2016 жылдың қараша айынан бері алғаш рет барреліне 45 доллардан төмендеген болатын.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.