Дүйсенбі күнгі, 5 қаңтардағы лондондық ICE биржасындағы саудада бұл маркалы мұнай бағасы бір баррелі үшін $54,88 дейін төмендеп, одан кейін тіпті құлдырады. Осылайша, бұл мұнайдың төменгі бағасы бір баррелі үшін $54,48 құрады, деп хабарлады РБК.
Өткен аптада Brent маркалы мұнай рекордтық минимумын жаңартқан. 2 қаңтардағы сауда барысында бұл маркалы мұнай барреліне $56 дейін арзандады. Ақпан айында жеткізілетін мұнайдың бір баррелінің минимальды бағасы $55,50, ал максимальды құны - $58,51 құрады. Жұма күнгі сауда жабылғанда мұнайдың бір баррелінің бағасы $56,42 болды. Бүгін мұнай тағы арзандады. Мұнайдың арзандауымен ресейлік рубль де құнсыздануда. Қазір бір доллардың құны - 59,33 рубль, еуро бағасы - 70,81 рубль.