Brent маркалы мұнайдың құны барреліне $53,01 дейін түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерконтиненталдық биржада сауда-саттық барысында Brent маркалы солтүстік теңіздік мұнай қоспасына ақпандық фьючерстер құны 1,736%-ға - барреліне $53,01 дейін түсті, деп хабарлады «Коммерсант».

  WTI  маркалы мұнай бағасы   2,064%-ға - барреліне $49,90 дейін түсті. Өткен аптада мұнайдың еуропалық сұрпына баға барреліне  $50 деңгейінен жоғары көтеріліп, бірнеше айлық ең жоғарғы көрсеткішті жаңартты.