Brent маркілі мұнай баррелінің бағасы $40 асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қара алтынның» бағасы бүгінгі саудада өсті.

14:17 мск жағдай бойынша Brent маркілі мұнай мамыр фьючерстері лондондық ICE Futures биржасында 1,87% қымбаттап, бір баррелінің құны $40,39 құрады. WTI мұнайының сәуір фьючерстерінің бағамын белгілеу Нью-Йорк тауарлық биржасында (NYMEX) көрсетілген уақытта 1,64% өсіп, бір баррелінің құны $37,10 құрады, деп хабарлады Росбалт.

Сейсенбі Brent - 2,9%, WTI - 3,7% арзандады.

Американдық мұнай институтының (API) ақпаратынша, елде мұнайдық тауарлық қоры өткен аптада 4,4 млн баррельге ұлғайды. АҚШ Энергия министрлігінің ресми деректері сәрсенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 18:30-да жарияланады. Bloomberg сауалына қатысқан сарапшылар қордың 3,5 млн баррельге дейін ұлғаятынын болжады.