Лондондық ICE Futures биржасындағы саудада 30 қаңтарда Brent маркілі мұнайдың бір баррелінің құны 53 доллардан асты. Наурыздық фьючерстердің ең жоғары бағасы $53,06/барр. жетті. Мәскеу уақытымен сағат 22:48 жағдай бойынша наурызда жеткізілетін Brent маркілі мұнай бағасы $52,17/барр. шамасында болды, бұл кешегі күнгі көрсеткіштен $3,04 қымбаттырақ.
WTI құны Нью-Йорктегі саудада керісінше төмендеуде. Мәскеу уақытымен сағат 23:06 деректер бойынша, WTI наурыздағы фьючерстерінің құны $47,49/барр. дейін төмендеді. Бұл 29 қаңтарда жабылған саудадағы көрсеткіштен $0,73 арзан.
Сарапшылар америкалық мұнайдың арзандауын АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының санымен байланысты деп отыр. 30 қаңтарда Baker Hughes компаниясы бұрғылау қондырғыларының санын 1,223 мыңға дейін қысқартатыны туралы хабарлаған. Бір аптаның ішінде олардың саны 94-ке кеміген.