Brent мұнайы 13 шілдеден бері алғаш рет барреліне 79 доллардан төмен түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Лондондағы ICE биржасында сауда барысында Brent маркалы мұнайдың бағасы 2026 жылғы 13 шілдеден бері алғаш рет барреліне 79 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

Фото: ParsToday

Астана уақытымен 20:38-дегі мәлімет бойынша, Brent мұнайының құны 6,03 пайызға төмендеп, барреліне 78,72 долларды құрады.

Астана уақытымен 20:43-те бағаның төмендеу қарқыны біршама баяулап, Brent мұнайы барреліне 78,87 долларға (-5,85%) саудаланды.

Осы уақытта қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы да 6,05 пайызға арзандап, барреліне 75,48 долларды құрады.

Еске салайық, 3 тамыз күні таңертең әлемдік мұнай нарығында баға төмендей бастаған еді. Биржалық сауда қорытындысы бойынша, WTI маркалы мұнайдың құны 5,95 пайызға төмендеп, барреліне 79,63 доллар болды. Ал Brent мұнайы 5,20 пайызға арзандап, барреліне 83,36 доллар деңгейінде саудаланған болатын.