Лондондық ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың фьючерстік келісімшартының құны 2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап алғаш рет барреліне 69 доллардан төмендеді.
Сағат 21:15–тегі жағдай бойынша Brent мұнайының құны 3,34%-ға — барреліне 68 доллар 67 центке дейін арзандады.
Сонымен бірге WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 65 доллар 38 центке дейін түсіп кетті.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстаннан мұнай өнімдерін әкетуге 6 айға тыйым салынғанын жаздық.
Сондай-ақ, сәуірден бастап ОПЕК+ 8 елі мұнай өндіру көлемін біртіндеп арттыра бастайды. Бұл жайт Қазақстанға және жалпы мұнай бағасына қалай ықпал етуі мүмкін екенін сарапшылардан сұраған едік.