Brent мұнайы 6% аса өсті

МӘСКЕУ. ТАСС. ҚазАқпарат - Brent мұнайының 6% аса өсіп, баррелінің құны 114 долларға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

2022 жылдың мамыр айында жеткізілуі тиіс Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны лондондық ICE биржасында 6,01% өсіп, баррелі 114,42 доллар болды.

Сағат 16:55-тегі мәлімет бойынша WTI маркілі мұнай құны 5,66% өсіп, баррелі 108,78 доллар болды.

Сағат 16:40-тағы мәлімет бойынша Brent мұнайының құны 113,37 доллар болған еді.