Brent мұнайы баррелінің бағасы 2015 жылдың 12 қазанынан бері алғаш рет 52 доллардан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні әлемдік мұнай бағалары Американың мұнай институтының (АМИ) АҚШ-та «қара алтын» қорларының қысқартылуы туралы хабарламасына байланысты өсуін жалғастырып жатыр.

Brent маркалы мұнай баррелі 2015 жылдың 12 қазанынан бері алғаш рет 52 доллардан асты, хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 13:01-де Brent маркалы солтүстіктеңіздік мұнай қоспасының тамыздағы бағасы 1,13 пайызға - бір баррель үшін 52,02 долларға өскен. WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері 0,95 пайызға - бір баррель үшін 50,84 долларға дейін жоғарылады.