Brent мұнайы баррелінің бағасы $42 асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та бұрғылау азайған соң Brent маркалы мұнай баррелінің маусым фьючерстерінің бағасы $42,14 дейін арзандады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

WTI мұнайының баррелінің құны Нью-йорк тауарлы биржасында (NYMEX)  $39,90 жетті, өсім 0,45% құрады.

Мұнайдың қымбаттауы АҚШ-та қара алтын өндірісінің азаюымен және 17 сәуірде Катар астанасы Дохада өтетін ірі мұнай өндіруші елдері өкілдерінің жиынына байланысты.