Brent мұнайы баррелінің бағасы $46,33 дейін өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерконтинентальды биржадағы сауда барысында Астана уақытымен 9:12-де Brent маркалы мұнайдың қараша айының фьючерстеріндегі әр баррельдің бағасы 1,036% - $46,33 дейін көтерілді, деп хабарлады ресейлік Коммерсантъ басылымы.

WTI маркалы мұнай баррелінің бағасы 0,206% - $43,67 дейін өсті.