Brent мұнайы баррелінің бағасы 56 доллардан төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондағы ICE биржасындағы сауда-саттықта наурыз айына Brent мұнайы фюьючерсінің бағасы 1,34%-ға арзандап, 55,68 долларға дейін төмендеді, деп хабарлады ТАСС.

Мұнай бағасының құлдырауы Ирак пен Иран Азияға наурыз айындағы мұнай жеткізілімдерін он жыл ішіндегі ең төмен межеленген хабарларға байланысты болды. Ирактың Basrah Light мұнайының баррелі Таяу Шығыстағы мұнайдың негізгі маркаларынан 4,1 долларға арзандау сатылмақ, Oil Marketing компаниясының мәліметтері бойынша бұл 2003 жылғы тамыздан бергі осы мұнай маркасының ең көп дисконтды болып табылады.

Сонымен бірге, Иранның National Iranian Oil мұнай компаниясы да мұнай баррелінің ресми бағасын 2,1 долларға төмендетіп, 2000 жылғы наурыздан бергі ең үлкен жеңілдіктер ұсынды.