Brent мұнайына баға 66 доллардан төмендеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent мұнайына баға барреліне 66 доллардан төмендеп кетті. Мәскеу уақыты бойынша сағат 11:32-дегі жағдай бойынша ол барреліне 65,88 доллар болған, деп хабарлады РБК.

Бірнеше минуттан кейін Brent мұнайының бағасы аздап 65,94 долларға көтерілді (Мәскеу уақыты бойынша 11:36).

Еске сала кетсек, екі күн бұрын сауда-саттық барысында баррель құны 65,94 долларға дейін төмендеген болатын. Тұтастай, 2014 жылғы маусымнан бастап баға 30 пайыздан астамға құлдилады. Ал 2014 жылғы қыркүйекте Brent мұнайының баррелі 100 доллардан асқан еді.