Brent мұнайының бағасы - 34,3 доллар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нарық қатысушыларына ықпал етер ахуал болмағасын дүйсенбі күнгі мұнай бағасы тұрақталды, алайда оның алдағы құны жөніндегі болжам жасаушылар пікірі екіге жарылды, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent мұнайының сәуірдегі фьючерстерінің бағасы сағат 11.00-ге қарай 0,7 пайызға - бір баррель үшін 34,29 долларға дейін көтерілді.

Нью-Йорк сауда биржасында (NYMEX) WTI мұнайының наурыздағы фьючерсінің бағасы осы уақытқа қарай 0,7 пайызға - бір баррель үшін 31,11 долларға дейін көтерілген.

Сарапшылар мұнай бағасының қазіргі деңгейін қисынсыз төмен деп есептейді.