Қазір Brent мұнайының құны барреліне 33,21 долларға дейін түсті.
Brent құнының күрт төмендеуіне Қытай қор нарығының құлдырауы себеп болды. Биржадағы сауда-саттық басталған кезде Shanghai Composite индексі 5 пайыздай төмендеген, содан кейін сауда-саттық 15 минутқа тоқтатылды. Алайда, биржа жұмысын жаңғыртқаннан кейін де бағаның құлдырауы жалғаса түсті. Бұл көрсеткіш 7,32 пайызға жеткенде биржадағы сауда-саттық қайта тоқтатылды.
Brent маркалы мұнай бағамының құлдырауы кеше барреліне 36,64 доллардан басталған, қазір, 8 пайызға дейін арзандады.
Мұнайдың 34 доллардан төмен бағасы соңғы рет 2004 жылғы сәуір айында тіркелген.