Мұнай бағаларының өсімі 16 ақпаннан бері жалғасып келеді.
13:40, 18 Ақпан 2016
Brent мұнайының бағасы 35 доллардан жоғары көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 18 ақпан күні өткен саудада солтүстіктеңіздік Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррелі үшін 35 доллардан асты. Соңғы рет Brent-тің бұл бағасы екі апта бұрын - 4 ақпанда тіркелген. Онда бұл доллардың басқа валюталарға қатысты төмендеуі жағдайында орын алып, Bloomberg оны жеті жылда болған ең шұғыл өзгеріс деп атаған. Бұл туралы РБК жазады.