Brent мұнайының бағасы 62,5 долларға дейін төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Лондон биржасында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша Brent мұнайының бағасы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,94 долларға арзандап, баррелі 62,5 долларды құрады. 

АҚШ-та жыл сайын қараша айының төртінші бейсенбісінде тойланатын ризашылық күні мерекесіне орай, Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) сауда-саттық болған жоқ.