Лондондық ICE Futures биржасындағы Brent мұнайына шілделік фьючерс мәскеу уақыты бойынша сағат 8:40-та бағасы 0,42 (0,66%) долларға - барреліне 62,89 долларға төмендеді. Жұмада нарық жабылған кезде фьючерс құны 1,28 (2,06%) долларға - барреліне 63,31 долларға дейін өскен.
Нью-Йорк сауда биржасының электрондық сауда-саттығында шілдеде WTI мұнайына фьючерс бағасы осы уақытта 0,45 (0,76%) долларға - барреліне 58,68 долларға төмендеді. Өткен сессияның нәтижесі бойынша келісімшарт 1,13 (1,95%) долларға - барреліне 59,13 долларға дейін қымбаттады. Венадағы кезекті отырыста мұнай экспорттайтын елдер ұйымы жұмада мұнай өндіруге квотаны тәулігіне 30 млн баррель деңгейінде сақтады (бастапқыда 2011 жылғы желтоқсанда белгіленген). Сарапшылар Иранға қарсы енгізілген санкциялар алынып тасталғаннан кейін оның экспорт көлемінің жоспарлы өсімі нарықтағы сұраныстың шектен тыс ұлғаюына әкелуі мүмкін деп қауіптенуде.