Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 1,64 пайызға өсіп, барреліне 70,5 долларға жетті.
Соңғы рет 70 доллар шамасында Brent мұнайы баррелінің бағасы 2020 жылдың қаңтар айында ғана болған.
Сағат 05:10-те Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 1,77 пайызға өсіп 70,59 долларға жетті.
Ал, WTI маркалы мұнай баррелінің мамыр айындағы фьючерстері бағасы бүгінгі сауда-саттықта барреліне 67,04 долларға дейін көтерілді (+1,71%).