Brent мұнайының бағасы $80 доллардан төмендеді

Фото: агентство «Анадолу»
АНКАРА. АНАДОЛУ - ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Brent маркалы мұнайының баррелі халықаралық биржада 79,66 доллардан сатылып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы саудада дүйсенбі күні мұнайдың эталон маркасының құны 79,31 доллар болған.
Екінші мамырда 09:07-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайы 0,25 процентке арзандап, баррелі 79,11 долларды құрады. WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 75,46 доллар болды.
Нарықтар АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің (ФРЖ) пайыздық мөлшерлемелерге қатысты болжамдарына, сондай-ақ Қытайдан келген әлсіз экономикалық деректерге байланысты өзгеріп отыр.