АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда-саттық нәтижесі бойынша, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің қарашадағы жеткізілім құны Лондондағы ICE Futures биржасында 1,06 долларға өсіп, бір баррельдің бағасы 82,69 долларды құрады.
WTI маркалы мұнай фьючерстерінің қарашадағы жеткізілім құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,13 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 73,25 долларға жетті.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.