Brent мұнайының бағасы $84 жоғары межеде тұр

ЫСТАНБҰЛ. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні халықаралық биржаларда Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 84 доллардан жоғары бағада сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтемемен.

Сейсенбіде соңғы сатылымда осы маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 86,10 долларға дейін жеткен, алайда күннің қорытындысы бойынша 84,68 доллар межесіне тоқтады.
28 желтоқсан күні сағат 09:42-дегі жағдай бойынша, мұнай бағасы 0,17 процентке – барреліне 84,54 долларға дейін түсіп кетті.
WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 79,31 долларды құрады.


Фото: PhotoStock10 / Shutterstock