Мұнай бағасы АҚШ-та мұнайдың коммерциялық қоры 4,93 млн. баррельге азайып, 529,9 млн. баррельге дейін төмендеуі туралы апта сайынғы мәліметтер жарияланғаннан кейін сеніммен өсуге бет алды, деп хабарлады ТАСС.
«Жаһандық нарық мұнай өндіруші елдердің сәуірдегі кездесуі қарсаңында алыпсатарлықпен өмір сүруді жалғастыруда», - деп санайды Nordea bank талдамашысы Дмитрий Савченко.
17 сәуірде Дохада өтетін кездесу мұнай өндіруді ағымдағы жылдың қаңтарындағы деңгейде тұрақтандыру мәселесін талқылауға арналады.